10
7
8
9




Экскурсия по школе
Блог директора

<< < Желтоқсан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Жаңалықтар

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған «Кемел келешек – білімді ұрпақ қолында» атты мектепішілік олимпиада жеңімпаздарын марапаттау кеші

 

   30.11.17 күні Біздің мекемемізде 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған «Кемел келешек – білімді ұрпақ қолында» атты мектепішілік олимпиада жеңімпаздарын марапаттау кеші ұйымдастырылып, жоғары деңгейде аталып өтілді. Мерекелік форумның шымылдығы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевты ұлықтайтын бейнематериал көрсетіліп, әнұран айтумен ашылды. Республикалық «Жас Ұлан» және «Жас Қыран » балалар ұйымының мүшелері Елбасымызға арнайы дайындаған мақтау сөздері айтылды. Содан соң мектеп директоры Мажитова Самал Сақтасынқызына құттықтау сөз кезегі берілді. «Домбыра» ансамблінің орындауында «Күйлерден попури» орындалып кештің сәнін келтірді. Кешіміздің құрметті қонағы Майқайың кентінің әкімінің орынбасары Аубакиров Әлібек Айтмагамбетович өзінің құттықтау сөзінен кейін, аудандық «Жайдарман - 2017» финалдық ойынынан жүлделі ІІІ орынға ие болған мектебіміздің «Қазақ жастары» КВН командасын марапаттады. Мерекелік кеш Ахметова Нұргүл мен Бакиева Сымбаттың орындауындағы «Ағатайым» әнімен жалғасты. 1-сынып оқушыларының Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевқа арнаулары оқылып, мектебіміздің мақтаныштары, мектепішілік олимпиада жеңімпаздары марапатталды. Кеш соңында Қажығали Толағайдың орындауында «Атамекен» әні орындалды.

 

1 1
1 1

Сайт бойынша іздеу

Сайтқа кіру

Сайт статистикасы

Бүгін3
Кеше8
Апта3
Ай199
Барлық күндері5475

 

 

Температура параметрі

winter