10
7
8
9




Экскурсия по школе
Блог директора

<< < Қаңтар 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері"атты Қазақстан халқына Жолдауы

 

   13.01.2018 күні мектеп ұжымымен мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылады. Мектеп директоры Мажитова Самал Сақтасынқызы биылғы Елбасының кезекті жолдауында білім саласы басты назар¬да екенін көрсетті. Әсі¬ре¬се, білім беру жүйесінің барлық деңгейі заман шындығы мен экономика сұраныстарына жауап беруі тиіс екенін айта келе оқу бағдарламаларының жаңартылған мазмұны аясында оқудан өткен мұғалімдердің лауазымдық жалақысы біліктілігін дәлелдеуіне байланысты 30-дан 50 пайызға дейін өсетінін айтты. Жолдаудың бір ерекшелігі – мұн¬да білім саласының барлық са¬тылары бойынша нақты мін¬дет¬¬тер айқындалған. Мысалы, Пре¬зидент орта мектеп, колледж, ЖОО үздік оқытушыларының бейне¬сабақтары мен бейнелек-цияларын интернетке орналас¬ты¬¬ру керек екенін атап өтті. Бұл расымен, еліміздің түк¬пір-түк¬пі¬ріндегі ұстаздарға қолже¬тім¬ді әрі пайдалы дүние болары анық. Сонымен қатар бұл ауыл мен қала білімін теңестіруге жағ-дай жасайды деп ойлаймыз.

   2019 жылдан 10-11 сыныптардағы жаратылыстану ғылымының жекелеген пәндерін оқытуды ағылшын тілінде көшетіні, сонымен қоса латын әліпбиіне көшу бұл мәселесі де айтылды. Тарих пәнінің мұғалімі Шокина Баян Рахымжановна Жолдауға қатысты он мәлімдемесіне тоқталып өтті.

   Елбасы өз сөзінде «Қазақстан -2050» ұзақ мерзімді Даму стратегиясы жоспары жүзеге асырылып жатқандығын айта келе, 100 нақты қадам Ұлт жоспары бойынша реформалар жүргізіліп, жүзеге асырылуда деді. Нақты атап айтар болсақ, индустрияландыру саласын өркендету жұмыстары жүргізілуде, Конституциялық реформалар жүзеге асырып, еліміздің Үшінші жаңғыруы, Рухани жаңғыру бағыты бойынша кешенді іс-шаралар жүргізіліп жатқанын айтты. Қазіргі кезде заманауи технологиялар дүниені өзгеріске ұшыратуда сол себепті «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы қабылданды деп атап көрсетті. 30 дамыған елдің қатарына кіріп, «төртінші өнеркәсіп революциясы дәуірінде» даму үшін алдыда тұрған 10 негізгі міндет туралы айтты.

   Бірінші міндет: жаңа технологиялар саласында ел индустриясын үздіктер қатарына іліндіру.

   Екінші міндет: ресурс потенциалының тиімділігін арттыру, ақпараттық-технологиялық шешімдер енгізу.

   Үшінші міндет: Агроөнеркәсіп кешенін жаңа технологиялық деңгейге көтеру.

   Төртінші міндеті: цифрлық технологияларды енгізу мен интеллектуалды транспорт жүйесін құрып, жүк тасмалдау мерзімдерін қысқарту арқылы табысқа жету.

   Бесінші міндет: қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартуда құрылыс пен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында заманауи технологияларды қолдану.

   Алтыншы міндет: қаржы секторын қайта өндеу, несиелендіруді кеңейту және қор нарықтарын дамытуды қамтамасыз етуді талап етілді.

   Жетінші міндетте адами капталдың жаңа сапасы ол білім беру жүйесінің барлық деңгейі заман шындығы мен экономика сұраныстарына жауап беруі тиіс екенін айта келе оқу бағдарламаларының жаңартылған мазмұны аясында оқудан өткен мұғалімдердің лауазымдық жалақысы біліктілігін дәлелдеуіне байланысты 30-дан 50 пайызға дейін өсетіні, бұдан бөлек еңбек өтіліміне сәйкес базалық зейнетақы мөлшерін 1,8 есе көбейту жөнінде айтты және денсаулық сақтау саласында жаңа технологияларды қолдану аурулардың алдын-алу мен емдеуді жақсарту.

   Сегізінші міндет: цифрлық технологиялар бизнесті реттеуге қатысуды әрі қарай азайтуды, мемлекеттік қызмет көрсетулер мен мемлекеттік қолдау сапасын және азаматтар сұранысын жақсарту.

   Тоғызыншы міндет: Жемқорлықпен күресті күшейту.

   Оныншы міндет: «Смарт Сити» технологиясын дамыту арқылы «тез өсіп келе жатқан қалалардың мәлелері мен инвесторлардың қызығушылығын арттыратын атап көрсетті. Осы он міндетті шешу жолында жұдырықтай жұмылу қажет.

   Мектеп ұжымы Елбасы Жолдауына өз пікірлерін білдірді.

 

1 1

Сайт бойынша іздеу

Сайтқа кіру

Сайт статистикасы

Бүгін3
Кеше13
Апта41
Ай188
Барлық күндері6068

 

 

Температура параметрі

winter