10
7
8
9




Экскурсия по школе
Блог директора

<< < Ақпан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28        

Жаңалықтар

«Өзін-өзі тану-өмірді тану»

 

    «Өзін-өзі тану» курсы адамның өзін-өзі табуына, ең жақсы қасиеттерін ашуға,

өзінің кейпін өзгертпеуге, адамгершілігін және әрқашан адам қалпын сақтауға көмектеседі.

Негізінде, адамзат тарихының өзі адамгершілік тұрғысынан өзін-өзі

жетілдірудің тұрақты және үздіксіз процесі болып табылады.

Назарбаева Сара Алпысқызы 

 

   Халқымыздың сан ғасырлық тыныс-тіршілігінің өзіндік ерекшеліктерінен туындаған ұлттық тәлім-тәрбиеге қатысты салт-дәстүр, әдет-ғұрыптары да мол. Олардың дені қазіргі этика, педагогика, психология ғылымдары тұжырымдарымен қиюласа, астарласып жатады. Осы саладағы рухани мұрамызды осы күнгі ғылым деңгейіне, оның төңірегіне топтастырып, жүйе-жүйесімен талдауға алсақ, бұлардың өзіндік сыр-сипаты айқындала түседі.

   Өзін-өзі тану пәні әр оқушыға, жеке тұлғаға бағытталған тәрбиесінің көрінісін адам талпыныстары, абыройы, жауапкершілігі, ерік-жігері, жалпы ізгі қасиеттерін басты мәселе етіп қойғандығынан байқаймыз. Болашағын баласынан, жас жеткіншектерінен көретін халқымыз, еліміз үшін бала жанын жүдетпеу маңыздылығы зор.

   «Өзіңді-өзің танысаң – істің басы» деп Шәкәрім айтқандай өзін-өзі тану пәні арқылы балалар өмірде кездесетін түрлі жағдаяттарды шеше білуге, өз ойын ашық айтуға, пікірін, сезімін, көңіл-күйін жеткізе білуге, өз мүмкіндігін жүзеге асыруға, адами қарым–қатынас жасай алуға, өз денсаулығын сақтауға, жақсы қасиеттерін ашуға үйренді. Өзін-өзі тану пәні мәні жағынан, оқушылардың қабылдау, түйсіну, білім, білік дағдыларын іштей тұтастырып, оларды еркін қолдана алуға үйретумен ерекшеленеді. Қазіргі тәуелсіз елімізде ғасырлар бойы халқымыздың ұлттық санасынан берік орын алған адамгершілік құндылықтарды, яғни ізгілік қайырымдылық, адалдық, әділдік, қарым-қатынас сияқты қасиеттерді, қоғамдағы болып жатқан өзгерістерге байланыстырып, жеткіншек ұрпақты тәрбиелеудің қайнар бастауы деп қарастыруға болады. Яғни «тәрбиесіз қоғам, қоғамсыз тәрбие өмір сүрмейді» деген заңдылыққа сүйене келе, өскелең ұрпақтың бойына қоғам талабына сай адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруды мақсат еткен тәрбие процесі ғана уақытпен үндесіп, қоғам мен тәрбиенің өзара байланысын түзетеді. Өзін-өзі тану пәні-жалпы адамзаттық құндылықтарға бастар жол.

 

1 1

Сайт бойынша іздеу

Сайтқа кіру

Сайт статистикасы

Бүгін0
Кеше13
Апта41
Ай137
Барлық күндері6998

 

 

Температура параметрі

winter