10
7
8
9




Экскурсия по школе
Блог директора

<< < Сәуір 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 27 28 29
30            

Жаңалықтар

№1 Майқайың мектебі оқушылары топ жарды

   2018 жылдың 26 сәуірінде «100 кітап» жобасы аясында Павлодар қалалық Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Білім – шексіз керуен» сайысы өткізілді. Сайыс шарты бойынша биылғы жылға ұсынылған «100 кітап» ішінен Мұхтар Мағауиннің «Бір атаның балалары» хикаяты таңдалған болатын. Сайыстың мақсаты оқушыларға қазақ әдебиетінің құнды шығармаларын оқыту, сол туындылардың рухани маңыздылығын жеткізу. Сайысқа Назарбаев Зияткерлік мектебі, Павлодар қаласының №39 гимназия мектебі және №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебі оқушыларынан құралған жалпы алты команда бақ сынасты. Сайыс шарты бойынша командаларға тақырып шеңберінде сұрақтар қойылып, оқушылардың шешендік, тапқырлық қабілеттерін сынады. Сонымен қатар оқушылар хикаяттан үзіндіні көрініспен көрсетті. Сайыс қорытындысы бойынша №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебі командасы 1-орын, Назарбаев Зияткерлік мектебі командасы 2-орын, №39 гимназия мектебі 3-орынды қанжығаларына байлады. №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары дипломдармен марапатталып, арнайы кітаптар сыйға тартылды, ал команда жетекшілері қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімдері А.Б.Ботаева және Д.М.Жумабаев Алғыс хаттармен марапатталды. Сайысқа қазылық жасаған «Найзатас» әдеби журналының бас редакторы Асыл Әбішев Майқайың мектебі оқушыларын ерекше атап, оқушыларға білім жолында сәттілік тіледі.

 

Сайт бойынша іздеу

Сайтқа кіру

Сайт статистикасы

Бүгін9
Кеше8
Апта9
Ай248
Барлық күндері6729

 

 

Температура параметрі

winter