10
7
8
9




Экскурсия по школе
Блог директора

<< < Желтоқсан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Жаңалықтар

«Eń úzdіk ádіsteme-sheberlіktі shyndaý»

    2018 жылдың желтоқсанның 20-сы күні №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің базасында «Ең үздік әдістеме-шеберлікті шыңдау» тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинардың мақсаты – жаңартылған білім беру мазмұны: оқыту үдерісіндегі педагогикалық технологиялардың тиімділігін практика және тәжірибе барысында көрсету болды. Аталған іс-шара аясында семинарға қатысқандар Баянауыл аудандық білім бөлімінің әдіскерлері, Павлодар қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектеп директорының бейінді-эксперименттік жұмысы жөніндегі орынбасары А.Ж.Көпеев және Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері, аудан мектептерінен химия, биология, физика, орыс тілі, қазақ тілі, бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

   НЗМ мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі Қуатова А.С. мен Майқайың №1 мектебінің қазақ тілі пән мұғалімі Дәулетбек Жұлдыз 5-сыныпта «Хобби» тақырыбында командалық сабақ өткізді. Орыс тілі пәнінен НЗМ-нің орыс тілі пәні мұғалімі Аужанова Г.Г. мен №1 Майқайың мектебінің орыс тілі пәні мұғалімі Серкебаева А.Б. 6-сыныпта «Достопримечательности Казахстана» тақырыбында командалық сабақтарын өткізіп, тәжірибелерімен бөлісті. Биология пәні бойынша «Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың тыныс алу мүшелері» тақырыбында НЗМ-нің мұғалімі Аутаев М.С. мен Майқайың №1 мектебінің мұғалімі Беремжанова Р.Б командалық сабақ көрсетті.

   Қазіргі таңда оқушыларға физика, информатика, химия-биология пәндерін ағылшын тілінде оқытылу басты назарға алынып отыр. Бүгінгі күні үш тілді білім беруді заман талабына сәйкестіре келе, осы алған білімін ұштастыра отырып, оқушыларды жан-жақты, білімді, білікті тұлға ретінде қалыптастырады.

   Үштілділікті енгізу мақсатында №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің физика пәні мұғалімі Дуан А.Ж. «Үйкеліс күші.Үйкеліс әрекетін техникада ескеру» тақырыбында 8-сыныпта сабақ өткізіп тәжірибесімен бөлісті. Химия пәнінің мұғалімі Сулейменова Г.Г. 8-сыныпқа «Оттек, алынуы,қасиеттері, қолданылуы. №4 көрсетілім «Сутек пероксидінің ыдырауы» тақырыбында сабағының тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар 8-сыныпта биология пәнінен «Тыныс алу және тыныс шығару механизмі» Айтпаева А.Ы. мен ағылшын тілі мұғалімі Зайрбаева А.С. өз тәжірибелерін ұсынды.

   №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің Пилоттық жобадағы 4-сынып мұғалімдері де өз тәжірибелерін ұсынды. Жаратылыстану пәнінен Сулейменова Г.Т. «Су ерткіш пе?» тақырыбында, қазақ тілінен «Қосарлама қос сөздер» тақырыбында Мұратова Ж.Е., әдебиеттік оқу пәнінен «Дәрігер – ең құрметті мамандық» тақырыбында Оразбаева А.М., орыс тілі пәнінен Арынжанова А.А. «Главная профессия» тақырыбында, әдебиеттік оқу пәнінен «Ақын болу» тақырыбында Жақсыбай А.Қ. және ағылшын пәнінен «Jobs» тақырыбында Абенова Г.Е. өз тәжірибелерімен бөлісті.

   Семинар, практикум кезеңінде НЗМ қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Қуатова А.С. «Мұғалімдердің кәсіби қиындықтарының картасын әзірлеу» тақырыбында практикум сабағын өткізді. НЗМ биология пәнінің мұғалімі Аутаева М.С. «Жаратылыстану-математика пәндері бойынша оқушылардың зерттеу қабілеттерін дамыту» тақырыбында практикум жұмысын өткізді. №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, мектеп тренері Ботаева А.Б. «Мақсатқа жетуді жоспарлау және мақсатты бағалау» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті. «Мұғалімнің тәжірибесіндегі рефлексия құралдары» тақырыбында НЗМ орыс тілі пәні мұғалімі Аужанова Г.Г. семинар-практикум өткізді. НЗМ директордың бейінді-эксперименттік жұмысы жөніндегі орынбасары Копеев А.Ж. БЖБ, ТЖБ өткізу бойынша практикум сабақ өткізді. Сонымен қатар, №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің тарих пәнінің мұғалімі, мектеп тренері Шокина Б.Р. «Iesson study» сабақты зерттеу әдісі бойынша семинар-практикумда сабақ үстінде мұғалімнің іс-әрекеті мен оқушының іс-әрекетін зерттеу жұмыстарын жүргізудің тиімді жолдарымен таныстырды.

   Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары А.Д.Хакимова, Г.Т.Сулейменова «Бастауыш және негізгі мектеп: бірізділікке жол» тақырыбында фасилитацияланған сессия өткізді. Іс-шара мақсаты: бастауыш және негізгі мектептерінде бірізділіктің түйінді мәселелерін талқылау және шешу болып табылады. Фасилитацияланған талқылау барысында мұғалімдер оқушылардың бастауыш мектептен негізгі мектепке көшуіне байланысты бірізділік үдерісінің ұйымдастырылу маңыздылығы жайлы өз пікірлерін ұсынумен қатар, оқушылардың 5-сыныпта сәтті бейімделудің тиімді тәсілдерін анықтады. «Фасилитация» әдісін пайдалану топтық жұмыстың тиімділігін арттыру, қатысушылардың тартылуы, қызығушылықтарының артуына, сонымен қатар, әлеуеттерінің барынша ашылуына ықпал етті. Қатысушылар өз кері байланыстарында, жаңа оқу жылында одан әрі жұмыс істеу үшін мақсаттар мен міндеттерді анықтауға ықпалын тигізген таңдалған тақырыптың өзектілігі мен фасилитацияланған сессияның пайдасын атап өтті.

   Семинардың қорытынды кезеңінде қатысушылар кері байланыс арқылы туындаған ойларымен бөлісіп, ұсыныстарын білдірді.

>

Сайт бойынша іздеу

Сайтқа кіру

Сайт статистикасы

Бүгін3
Кеше8
Апта3
Ай252
Барлық күндері9396

 

 

Температура параметрі

winter