10
7
8
9




Экскурсия по школе
Блог директора

<< < Қаңтар 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30      

Жаңалықтар

Ұлттық бірыңғай тестілеу- басты қадам

   

   Ұлттық бірыңғай тестілеу - мемлекеттің, қоғамның және тұлғаның қажеттілігіне сәйкес келетін бүгінгі білім сапасын көтеру және басты бағыт болып табылады. Ұлттық бірыңғай тестілеу жалпы орта білім беру ұйымдарында оқушылардың қорытынды аттестаттауының бір түрі. Аттестаттауды жақсы тапсыру үшін оған сапалы дайындық қажет. Оқушы білімді меңгеріп қана қоймай, оны іс жүзінде қолдана алу керек. Осы себептен ҰБТ- ға оқушыларды дайындауда тиімді әдістер мен тәсілдерді үнемі іріктеп отыру қажет.

   № 1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінде оқушыларға ҰБТ-ның маңыздылығы, ерекшелігі туралы ақпарат беріліп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Біздің мектеп оқушылары да жаңа форматтағы ҰБТ бойынша дайындық жұмыстарын жүргізуде. Ұлттық тестілеу орталығымен тығыз байланыс жасап, апта сайын ағымды тест алынып отырады. Оқушылардың дайындықтарына мектеп ұжымы мен ата-аналар қолдау көрсетіп келеді.

   Бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда мектеп бітіруші түлектеріміздің биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз, жан-жақты берген тәрбиеміз себеп болмақ.

 

Сайт бойынша іздеу

Сайтқа кіру

Сайт статистикасы

Бүгін5
Кеше17
Апта65
Ай317
Барлық күндері7919

 

 

Температура параметрі

winter