10
7
8
9




Экскурсия по школе
Блог директора

<< < Қаңтар 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 24 25 26 27
28 29 30 31      

Жаңалықтар

«Жаңартылған білім беру мазмұны: инновациялар мен үрдістер» атты облыстық семинар

   

   № 1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінде 2019 жылғы 23 қаңтар күні Назарбаев Зияткерлік мектептері мен Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының ұйымдастыруымен «Жаңартылған білім беру мазмұны: инновациялар мен үрдістер» атты облыстық семинар – практикум өтті. Семинар жұмысына Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының басшысы, пилоттық және жетекші мектептер директорлары, ПШО тренерлері, тәжірибеден өтіп жүрген жалпы саны 86 мұғалім қатысты. Семинарда № 1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің білім беру мазмұнын жаңартуды енгізу бойынша 4 жылғы жұмыс тәжірибесінің қорытындысы шығарылды. Мектеп ұстаздары жаңартылған бағдарламалар аясында жаңа амалдарды қолдана отырып, тәжірибелік сабақтар арқылы өз шеберліктерін көрсетті. Жеке пәндер бойынша оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым дағдыларын дамытудың тиімді әдістеріне баса назар аударылды. Семинар аясында «Жас дарын» мектебі директорының орынбасары Г.М.Белгібаева, № 1 Майқайың ЖОББМ директоры С.С.Мәжитова, № 2 Майқайың ЖОББМ директоры Е.С.Сүлейменов және Павлодар қаласының № 8 лицей директорының орынбасары А.М.Осипенко НЗМ тәжірибесін трансляциялау бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының тренерлері мектеп директорларының орынбасарларына арналған тренинг және шеберлік сағаттарын өткізді. Семинар соңында қорытындылар шығарылып, арнайы ұсыныстар қабылданды.

 

Сайт бойынша іздеу

Сайтқа кіру

Сайт статистикасы

Бүгін2
Кеше12
Апта33
Ай229
Барлық күндері9954

 

 

Температура параметрі

winter