10
7
8
9




Экскурсия по школе
Блог директора

<< < Қазан 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Жаңалықтар

Тіл-достықтың құралы!

   

   Тіл- мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балаған. Себебі, тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі.

   Тәуелсіздік алғалы бері елімізде тіл саясаты белсенді түрде жүргізілуде. Тілге деген құрметті арттыру мақсатында көптеген мемлекеттік бағдарламалар мен іс – шаралар ұйымдастырылуда. Соның бірі-Тілдер мерекесі. № 1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінде Қазақстан Республикасының «Тілдер мерекесіне» арналған 02.09-30.09 аралығында «Тіл-достықтың құралы» тақырыбында Тілдер айлығы өткізілді. Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің қатынас хаты негізінде мектепішілік жоспар құрылды.

   Жоспар бойынша қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті және шетел тілінің әдістеме бірлестігі мұғалімдері, кітапханашылар, аға тәлімгерлер, бастауыш сынып бірлестігі өз іс-шараларын өткізді.

   Іс-шаралар мазмұны мен өтілу формасына байланысты әр түрлі бағытты қамтыды. 2019-2020 оқу жылында Тілдер айлығына арналған іс-шаралар жоспарында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық меретойына ерекше көңіл бөлінді.

   Тілдер айлығының жоспарына сай қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастырумен мектебімізде «Abai fest» бұрышы жабдықталды. Бұл бұрыш Абай атамыздың 175 жылдық мерейтойына арналды.

   Тілдер айлығында Абай өлеңдерін жатқа оқу #abai 175# интернет-челленджі бастау алды. Интернет-челленджге барлық мектеп оқушылары, ұстаздар қауымы белсене қатысты. Бұл шара 2019-2020 оқу жылы бойы жалғасын табады.

   Қазақстан Республикасының «Тілдер мерекесіне» арналған «Тіл-достықтың құралы» тақырыбында өткізілген Тілдер айлығының ашылу салтанаты өткізілді. Ашылу салтанаты үш тілде өтілді және Тілдер айлығы шеңберінде өткізілетін іс-шаралармен таныстырылды. Мектеп кітапханашылары Касимова Г.М., Муратова Ж.Е. ұйымдастыруымен «Тіл-халықтың байлығы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесінде Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры», Ә.Тәжібаевтың «Поэзия» кітаптары да атап өтілді.

   Жоспарға сай қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Дәулетбекқызы Жұлдыздың ұйымдастыруымен «Мұзбалақ» анимациялық фильмі көрсетілді. Бұл көрсетілімге оқушылар зор қызығушылық танытып, белсене қатысты. Фильм барысында оқушылар Мұқағали Мақатаевтың өмір жолы мен шығармашылығын танып, мол мұрасымен сусындады.

   8-сыныптар арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.А. Шокаеваның ұйымдастырумен «Тіл талапкері-2019» атты сайыс өткізілді. Бұл сайыста 8-сынып оқушылары баспасөз беттеріндегі, көше бойларындағы, интернет парақшаларындағы қате жазылған сөздерді тауып, сол сөздерге орфографиялық тұрғыдан зерттеу жұмыстарын жүргізді. Сайыс соңында 8 «А» сынып оқушылары жеңіске жетіп, «Тіл талапкері-2019» деген марапатқа ие болды. Сонымен қатара, «Тілдердің үштұғырлылығы» саясатын жүзеге асыру негізінде 10-11-сынып оқушыларының арасында «Креатив шайқас» ұйымдастырылды. Латын әліпбиіне байланысты 8,9-сынып оқушылары қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Жумабаев Д.М. жетекшілігімен Абайдың 31 қарасөзін латын графикасымен жазды. Бұл шара барысында латын әліпбиін оқушылар арасында кеңінен насихаттау мақсат етілді. Бастауыш сынып бірлестігінің ұйымдастыруымен «Дархан халықтың дана Абайы!» тақырыбында әдеби-сазды кеш өткізілді. Кеш барысында оқушылар Абай өлеңдерінен сусындап, Абай әндерін шырқады.

   23 қыркүйек күні 1-11- сыныптарда сынып жетекшілердің қатысуымен «Тілдің мерейі-елдің мерейі» атты сынып сағаттары өткізілді. Сынп сағаттарында оқушылар ана тілінің асқақ рухын дәріптеп, өз тіліңе деген құрметтері арта түсті.

   Орыс тілі пәнінің мұғалімі Рахимбекова А.Ж., қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Шокаева А. А., Жумабекова Ш.Р. бірлесе отырып, «Ұлылардың ұлысы-Абай!» тақырыбында әдеби-сазды кеш өткізді. Кешке 5-11- сынып оқушылары қатысты. Әдеби-сазды кеш бірнеше бөлімді қамтыды. Атап айтар болсақ, «Абай-лирик» бөлімінде оқушылар Абай шығармашылығынан өлеңдер оқыды. «Абай-эпик» бөлімінде Абай поэмаларын жатқа оқыса, «Абай-аудармашы» бөлімінде Абай аудармаларын оқып, сахналады. «Абай-композитор» бөлімі бойынша оқушылар жүрек тебірентер Абай әндерін шырқады.

   Сонымен қатар, қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Мусабекова С.М. жетекшілігімен 9- сынып оқушыларының қатысуымен М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясының үзіндісінен драмалық көрініс көрсетілді. Көріністе роман-эпопеяның «Қайтқанда» бөлімінен үзінді алып, сахналанды. Сахналық көріністе ұлы ақын өмірінің бір сәті қамтылып қана қоймай, тәлім-тәрбиелік мәні де ерекше болды.

   30 қыркүйек күні мектебімізде «Тіл-достықтың құралы» атты фестиваль өткізілді. Фестивальде достықтың құралы ретінде танылған тіл туралы ағылшын тілінде ән шырқалып, орыс биі биленіп, өлең жолдары оқылды. Фестиваль қорытындысы ретінде Тілдер айлығындағы жоспарлы іс-шараларға белсене қатысқан, жүлделі орын алған оқушылар марапатталды.

   Тәуелсіздіктің қуатты тірегіне, бірлік пен ынтымақтың жығылмас туына айналған қазақ тіліміз мәңгі жасай берсін!

 

Сайт бойынша іздеу

Сайтқа кіру

Сайт статистикасы

Бүгін9
Кеше16
Апта120
Ай491
Барлық күндері11690

 

 

Температура параметрі

winter