10
7
8
9




Экскурсия по школе
Блог директора

<< < Қаңтар 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Дарынды оқушы – ұлт болашағы

   Қаңтардың 13 жұлдызында мектебімізде «Кемел келешек кілті білімде» атауымен мектепішілік пәндік олимпиададан, аймақтық спорттық жарыстардан, Республикалық «Ақбота» байқауынан жүлделі орындар иеленген дарынды оқушыларды марапаттау кеші өтті.

   Мектепте білім мазмұнын жақсартудың алғы шарттарының бірі – дарынды балаларды таба білу, тәрбиелеп жетілдіру, бойындағы ерекше қасиеттерін көрсетуге, дамытуға мүмкіндік туғызу. Осы шарт бойынша №1Майқайың жалпы орта білім беру мектебі нәтижелі жұмыс жасау үстінде. Бала-біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі. Баланың бойында мүмкіндіктердің бәрі бар. Тек оларды көру, білу, ашу қажет.

   2016 жылы Баянауыл ауданы мектептері бойынша Дарынды оқушыларды дайындау көрсеткіші бойынша мектебіміз II орынды иеленді. Бұл біз үшін үлкен мақтаныш. Марапаттау рәсімі 6 бағыт: бастауыш сынып буын өкілдері, гуманитарлық пәндер, физика-математика пәндері бойынша жүріп, директордың орынбасарлары Б.А.Ботаева, Ә.Ж.Хакимова, А.А.Жұмабаева, А.С.Заирбаева өздерінің ізгі тілектерін арнап, оқушылардың бұдан да биік шыңдарды бағындыратындарына сенім білдірді. «Қазақта «Бұлақ көрсең, көзін аш» деген ұлағатты сөз бар. Мектебімізде білім мен ғылым, өнер мен спортқа қызығатын оқушыларымыз өте көп. Олардың қала, облыс, республика көлемінде жеткен жетістіктері де аз емес. Біз оларды мақтан етеміз. Бұл жетістікке мектептің, ұстаздар қауымының қосқан үлесі өте зор. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстанның болашағы - білімді де білікті жастардың қолында» деп жастарға үлкен сенім артып отыр. Ата-ананың да, мектептің де балаларымызға деген сенімі жоғары екені көрініп отыр. Олай болса, осы сенімді ақтайтын сендердей дарынды оқушылар қатары тола берсін. Балаларымыз бақытты, армандары асқақ болсын!»-деп аяқтады өз сөзін ата-аналар комитетінің төрайымы Мұхтарова Ғазиза Жұбайқызы. Жүлдегерлердің құрметіне арнап мектебіміздің әнші оқушыларының орындауларында «Туған жер», «Аяулы мектебім», «Қазақ жастары» сынды әндер шырқалып, дарынды оқушылар слеті жоғары дәрежеде өтті. Кеш соңында марапатталған барлық оқушылар мектеп директорымен бірге естелік фотосуретке түсті.

1<

Сайт бойынша іздеу

Сайтқа кіру

Сайт статистикасы

Бүгін14
Кеше21
Апта72
Ай324
Барлық күндері10412

 

 

Температура параметрі

winter