10
7
8
9




Экскурсия по школе
Блог директора

<< < Қазан 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 31      

Өзін-өзі тану

                                   №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебі

 

 

 

 

Секциясы: Өзін-өзі тану

Жобаның тақырыбы: Менің құрдастарым

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                              Авторы:

                                                             9 ә сынып оқушылары

                                                             Ағлан Есенгүл,Тұрсбекқызы Сая

                                                             Жетекшісі

                                                             Қабышева Зауреш Болатқызы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                      2019-2020 оқу жылы


 

                                                       Менің құрдастарым жобасына пікір

 

 

9 "ә" сынып оқушысы Тұрсбекқызы Сая мен Ағлан Есенгүлдің "Менің құрдастарым" атты жобасында құрдас сөзіне анықтама беріп , оның түрлерімен таныстырып өтті.Сонымен қатар дос пен құрдастың айырмашылығын талдай отырып , өз құрдастарына да сипаттама беріп өтті. Және кітапхана мен интернет желілерін пайдаланып, мектеп оқушыларынан сауалнама жинады.

       Бұл жұмыста оқушылардың көп ізденгенін көруге болады.Жинаған ақпараттары мен зерттеу жұмыстары өзектілігін жоймаған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікір жаз ған тарих пәні мұғалімі :Каукенова Алия Қанатқызы


 

 

                                             Аннотация

 

 

Менің құрдастарым жобасында құрдастың бірнеше  түрі , ерекшелігі бар екендігі туралы айтылған. Сонымен қатар дос сөзі мен құрдас сөзінің айырмашылығы зерттелген.Тамыры түпсіз сөздің адам өміріндегі маңызын айқындап берді.

    

 

                                                   


 

 

 

 


 

Тақырыбы: Менің құрдастарым

 

Мақсаты:Құрдас сөзіне анықтама іздей отырып,оның маңызы мен сипатын ашу.

 

Өзектілігі:Құрдас сөзін білгенімізбен,оның доспен айырмашылығын,маңыздылығын ешкім біле бермейді.

 

Болжам:егер біз құрдастың кім екендігін,маңыздылығын,қандай қасиеттері болуы керектігін білсек,онда айналамызға жақсы дос жинауды да үйренеміз.

 

 

 

     Жоба мазмұны:

 

1) Кіріспе.

 

2) Негізгі бөлім:

 

2.1) Дос пен құрдас айырмашылығы

 

2.2)Менің құрдастарым

 

3)Қорытынды

 

4)Пайдаланылған әдебиеттер


 


 

 

1.Кіріспе

 

      Құрдас-бір жылы туылған адамдар.Сонымен қатар, "бір жас -құрдас"деген дәмболсын әңгіме.Кейде құрдас адамдардың туған жылы, айы,тіпті күні де сай келуі мүмкін.Бір айда туғандарды түйдей құрдас деп атайды.Кейде әзіл-қалжыңы жарасқан замандастар да құрдас атана береді.

      Түйдей құрдас(жасты). Бір жылда туған, жасы қатар. Түйдей құрдас сөзінің шыққан тегі түркі тілдері.Ертеректе біздің тілімізде де жеке тұрын, өз алдына, дербес мағынасы болғанмен, кейін ұмытылып тек осы тұрақты сөз тіркесінде сақталған.Сібірдегі көптеген түркі тілдерінде біріне-бірі сәйкес қосарлы затты білдіруде"Төөй", тұлғасы қолданылған.Қазіргі кезде хакас тілінде "төөй", туваларда "дөмей" біздің түсінігіміздегі"бірдей","ұқсас"орындарынды қолданылады.Дәл осындай мағынада бурят тіліндегі"түһөөтэй"тұлғасы ұшырайды.Әрине, бұл төңірегін де көрші отырған түркі тілдерінің әсері.Кейбір тунгус-маньчжур тіліне ауысқан "төөй" сөзі түркі тіліндегі "бірдей","ұқсас"мағыналарына айырылып,"құрдас" ұғымын қабылдаған.Бір тілден екінші тілге сөз ауысқанда мағына өзгерістерінің болып тұратыны щсы сәтте де белгілі.Сөйтіп,түйдей құрдас деген - "бірдей құрдас", 'ұқсас құрдас" - екен.

        Жан құрдас - жасы емес, жаны құрдас адам.Біздің тілімізде жан құрдас дегенде бар.Мұның мағынасы-бірі үлкен,бірі кіші адамдардың бірін-бірі құрдас деп          қабылдауы.Бұл - жасы емес, көңілі, жаны құрдас деген сөзден шыққан.

 

 

 

2.Негізгі бөлім

 

2.1 Дос пен құрдас айырмашылығы

Қазіргі кезде адамдар достық пен құрдас сөздерінің мағынасының түп тамырына жетпейді.Сол үшін олардың айыпмашылықтарын да біле бермейді.

Достық Ұқсастықтары Құрдас
Адамдардың бір-біріне қалтқысыз сеніп,бір мүдделі,ортақ көзқараста болатын қасиеті.Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың,рухани жақындықтың белгісі.Нағыз достық кісіге шабыт беріп,басқа түскен қайғы мен қуанышты бірге көруге жәрдемдемдеседі Дос-құрдастардың мінездері де әртүрлі болып келуі мүмкін.Кейде әзіл -қалжыңы жарасқан адамдардың бәрін дос ,құрдас деп атайды(сирек). Бір жылы туған адамдар болып табылады.Кейде құрдас адамдардың туған жылы,айы,тіпті күні де сәйкес болуы мүмкін.

 

 

 

2.2  Менің құрдастарым

    Біздің өмірімізде ерекше де , орны бөлек жандардың қатарында құрдастарымыз да бар. Ащыны да,тұщыны да бірге көріп,бір үйдің баласындай етене араласып,бір бірімізді туған бауырларымыздай көріп кеттік.

Сол  ортақ құрдастарымыздың бірі:

Аужанова Назира

Елемесова Ақмарал

Ердимуратқызы Айгерім

Сейтгалиева Алтынай

   Біз  құрдастарымызды жан құрдасқа теңейміз.Себебі,олардың жасы да,жаны да бізбен бір.Бұл құрдастарымызды жан құрдас етіп алу себебіміміз:олардың ішкі қасиетінде.Біздің ойымызша,әрбір жан құрдасты таңдау барысында олардың бойындағы адамгершілік,шыншылдық ,достық қасиеті болу керек екенін байқауымыз қажет.

    Әрине,әрбір құрдастарымыздың ішкі қасиеттері мен мінездері әртүрлі.Және біз солардың жа қсы жақтарынан үлгі алып,жаман жақтарын түзетуге тырысамыз.


          Жоба барысында алынатын сауалнама.

 

 

 

 

 

Сұрақтары:

1.Құрдас деген не екендігін білесің бе?

2.Сенің жан құрдасың бар ма?

3.Түйдей құрдас дегеннің мағынасын білесің бе?

4.Сен құрдастарыңды ренжітіп көрдің бе?

5. Құрдастарыңның өміріңді өзгерткен кезі болды ма?

                                Сауалнама нәтижесі

 

Жауаптары %
Ия 80
Ия 76
Жоқ 62
Жоқ 100
Түсінбедім 50


 

Қорытынды:

Қорытындылай келе , біздің өміріміздегі ерекше де,орны бөлекжандардың арасында құрдастарымыз бен жан құрдастар бар екені белгілі.Дұрыс жан құрдас таңдай білу өмірлік мақсаттардың бірі.Саясаттанудағы достық пен жан құрдас ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр.

Сайт бойынша іздеу

Сайтқа кіру

Сайт статистикасы

Бүгін9
Кеше16
Апта120
Ай491
Барлық күндері11690

 

 

Температура параметрі

winter